Жаулық десе әйелдің бас қамалы, Жүректерің неліктен тас болады. Мына өмірде жалаңаш жүрген әйел, Ана өмірде тозаққа тасталады. Өз өзіңе қаратып жан баласын, Жүргеніңе жетісіп мәз боласың. Ай бетіңнен бір жылу табылмаса, Қай бетіңмен момынды жазғырасың?! Араласаң айналып шетелді мың, Арамзаға жем болып кетер құның. Адамзаттың барлығы білмейді ме, Арулардың ажарлы екендігін? Ұятыңмен бойыңды баурамасаң, Ілігерсің есепсіз дауға да сан. Қапшықтап жинайсың күнәларды, Әуретіңді әркімге саудаласаң. Сарп еткендер ұят деген қазынаны, Ғұмырынан ғибрат аз ұғады. Қанша адамды өзіңе қаратсаңыз, Сонша саған күнәлар жазылады. Жүрсең де асылдың сынығы боп, Адам сүйер бір жөнді қылығың жоқ. Мейрамның мауығына масайам деп, Мұсылманға болып тұр бүлігің көп. Балға татыр сайқалдың жоқ шырыны, Беліне дейін төгілсе қос бұрымы. (Ақыретке тамұққа тасталады, Әйелдер қауымының көпшілігі). «Мисс» деген ұранды тағып алып, Қара дақты түсірдің арыңа анық. Қияметте есеп күні басталған да, Қалмасаң жарар еді сорың ағып. Көңіліңді бөлмесең ар жайына, Тірі қуыршақ боласың шалғайыңа. Содан кейін, махшарда періштелер, Оттан ыстық тәж кигізер маңдайыңа.

Теги других блогов: мұсылман өмір әйел