Сексеуіл
Сексеуіл сұңқар елім, жайсан жерім.
Өзін деп ағад(ы) менің мандай терім.
Маңайын жазықдала болған менен,
Аңғарып кете берсен шертер шерін.
Тарихты көмген шоқын Тербенбесін,
Тербенбесті айтқанда тербенбес кім ?
Тас болып тұр тіл қатпай әттең бірақ,
Аңызын естей кетсен тебіренерсін.
Қазақтың көңілі кең, жері де кең,
Тербенбесті пана етпеген қазағым кем.
Пана болған жұртыма қиындықта,
Тербенбес халқы ма таңба мен ен.
Мекені Тербенбесім қыран құстың,
Қыранды қырдан алып жырға қостым.
Қастерлі құс қасиетті жерді тұрақ қылған,
Сексеуіл сұңқарларша самға қосым.
Ешкінің егіз туған лағындай,
Көрпенің әдемі бір құрағындай.
Екі жартас тұр тауда егіз ұқсап,
Еліне салем беріп жығылғандай.
Адамға жасы келсе әжім түсер,
Сексеуілде соғады дауыл нөсер.
Тербенбесте талай жаска келіп калған,
Тарихын жасырған соң әжімі өсер.
Тау, тасын былай тұрсын , ауан бөлек,
Дертіне шипасы бар- бұл бір дерек.
Дамылсыз ішіне жұта бергін,
Мамықша жұмсақ, былбыр, ерек.
Жерін бар жасыл бояу төгілгендей,
Шөбінді қолдан егіп өсіргендей.
Қызқалдақ, сарқалдағын жердің сәні,
Шөп қалта Сексеуілге сөгілгендей.
Авторы: Елдесов Нұрдәулет Бекболатұлы
әкімші шығарып жібересіз бе